"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша жаңа баспанаға жылына 100 мың адам қоныстанып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша жаңа баспанаға жылына 100 мың адам қоныстанып жатыр

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша жаңа баспанаға жылына 100 мың адам қоныстанып жатыр

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының Қазақстандағы іске асырылуының алғашқы жылы аяқталды. Алғашқы қорытындысын жасап, өткенге көз тастап, жасалған қателіктерді зерттейтін және табыстарға тиісінше баға беретін кез келді.

  • 21 Қаңтар 2018
  • 248
Фото - Caravan.kz

Бағдарламаны әзірлеушілер айтып өткендей, Қазақстан дамуының жаңа кезеңіндегі мемлекеттік тұрғын үй саясатының басты мақсаты мемлекеттік тұрғын үй құрылысына қатысуын азайту болып табылады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының бағдарламасында басымдықтар тікелей қаржыландырудан бюджеттен тысқа ауысты. Бағдарламаның тетіктері жеке инвестициялар тартуға, бизнесті қолдауға және ипотекалық несиелендіруге, тұрғын үй қарыздары сияқты халыққа қолжетімді қаржы құралдарын ұсынуға бағытталған.

Бағдарламаға бөлінген мерзім аз емес — ол 15 жыл бойы жүзеге асырылады. 2031 жылға дейін елде 1,5 млн отбасына тұрғын үй салу күтілуде. Жыл сайын шамамен 100 мың адам қоныс тойын тойлайды.

  • арендалық тұрғын үйдің 45 мың пәтері (2,2 млн м²);
  • несиелік тұрғын үйдің 245 мың пәтері (12 млн м²);
  • СҚЖМҚ, БД, ҚИК 46 мың пәтері;
  • 600 мың жеке тұрғын үй (60 млн м²);
  • 564 мың коммерциялық пәтер (оның ішінде субсидияланған ипотека есебінен 8 мың пәтер).

Алғашқы жыл – асыра орындау!

2017 жылы жалпы алаңы 11,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға енгізілді, ол 2016 жылдың ұқсас кезеңіне 106,2%-ды құрады. Ал 2017 жылғы жоспарға орай (10,1 млн ш.м) тұрғын үй енгізу пайызы 110,4%-ды құрады.

Статистика комитетінің 2017 жылғы қаңтар-желтоқсандағы алдын ала мәліметтері бойынша қаржыландырудың барлық көздері есебінен 11,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға енгізілді, ол 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 106,2%-ды құрайды. Ал 2017 жылғы жоспарға орай (жоспар 10,1 млн м²) тұрғын үй енгізу пайызы 110,4%-ды құрады.

Тұрғын үйлердің басым бөлігі – 9,4 мың м2 немесе 83,9% — жеке үй салушылармен және халықпен пайдалануға берілген. Жалпы республика бойынша 100 812 тұрғын үй бірлігі пайдалануға берілді, олардың – 27 908 жеке үй (4,3 млн м²) және 72 904 КТК-дағы тұрғын үй (6,9 млн м²).

Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемдерінің артқаны республиканың 15 өңірінде байқалып отыр. Өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға берудің айтарлықтай өсу қарқыны БҚО-да (42,4%), ОҚО-да (36,2%), Қостанай облысында (35,6%), Павлодар облысында (31,2%), Ақтөбе облысында (28,5%), Жамбыл облысында (24,9%), СҚО-да (21,8%), Маңғыстау облысында (17,6%), Ақмола облысында  (16,9%), Қызылорда облысында (12,6%) байқалып отыр.

Тұрғын үй құрылысына 979,8 млрд теңге инвестиция немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111,6% бағытталды, олардың 153,9 млрд теңгесі мемлекеттік инвестициялар.

Мемлекеттік инвестициялар есебінен тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 1 427,4 мың м² (24 159 пәтер) жоспар кезінде 1490,9 мың м² (25 095 пәтер) немесе жоспарға 104,4% құрады.

Жалпы Бағдарламаны іске асырудың алғашқы жылының қорытындысы жақсы нәтиже көрсетті. Несиелік тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша жоспарлы көрсеткіштер асыра орындалды (жоспарға 102,6% 986,3 мың м²) және коммерциялық тұрғын үй (жоспарға 104,7% 291,1 мың м²). ЖТҚ-мен салыстырғанда көппәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру үрдісі байқалып отыр. 

Түзетулер іске асыру барысында енгізіледі

2017 жылғы 18 тамыздағы Мемлекет басшысының өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі кеңесте берген тапсырмасы бойынша екінші деңгейдегі банктерді (ЕДБ) оған белсенді тарту және оны іске асырудың тиімділігін арттыру мақсатында жалпы 2017 жылғы 23 қазандағы Үкімет  қаулысымен Бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар әзірленіп, қабылданды. Енгізілген алғашқы өзгерістер Бағдарлама тетіктерін өзектендіруді көздейді.

Бағдарламаға Астана қ. тұрғын үй құрылысының проблемалы нысандарын қаржыландыру тетігін іске асырудың нормаларын регламенттейтін бөлім қосылды. Осы мақсатта «Бәйтерек девелопмент» АҚ 40 млрд теңге сомаға несиелік тұрғын үйді өткізуден түсетін (2018 жылы – 20 млрд теңге, 2019 жылы – 20 млрд теңге), сондай-ақ жеке инвестициялар қаражаты есебінен үлескерлік нысандар құрылысын аяқтайтын ұйымды несиелендіру құқығы ұсынылады. Несиелендіру ақылылық, жеделдік және қайтарымдылық шарттарымен жүзеге асырылады.

Аяқталуы тиіс нысандар тізімін қала әкімдігінің ведомствоаралық комиссиясы анықтайды. Алдын ала есептеу бойынша барлығы 50% дайын 502,9 мың м² немесе 8382 пәтерді салып бітіру жоспарланған.

Осыны ескере отырып Бағдарламаға бағыттар бойынша тұрғын үйді пайдалануға берудің жоспарланған көлемдері бойынша нақтылаулар енгізілді.

Бағдарламаны іске асыру тетіктері туралы

Бағдарламаны іске асыру тетіктері халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын сатып алусыз арендалық тұрғын үймен қамтамасыз етуге, жеке тұрғын үй және Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі салымшылары үшін несиелеік тұрғын үй құрылысын ынталандыру, сондай-ақ үй салушылар мен халықты ынталандыруға бағытталған.    

Бағдарламаның басымдықты бағыттары:

— «ҚИК» ИҰ» АҚ арқылы бастапқы тұрғын үйді сатып алуға екінші деңгейдегі банктермен азаматтарға берілетін ипотеканың пайыздық мөлшерлемесін мемлекеттің субсидиялауы арқылы ипотекалық несиелендіруді қолдау:

Ақтық қарыз алушыға ипотеканы 10% дейін төмендету үшін, алғашқы 8 мың қарызға 2 жылдың ішінде 16% шегінде бастапқы тұрғын үй үшін халыққа ипотека ұсыну бойынша тиянақталған сыйақы мөлшерлемесі бекітіледі. 

Субсидиялар бойынша қаражатты тиімді пайдалану үшін несиелендірудің шектік сомасы Алматы және Астана қалаларында – 20 млн. теңгеге дейін және басқа өңірлерде – 15 млн. теңгеге дейін, 15 жылға дейінгі мерзімге шектелген.

Осындай шарттармен несие бойынша орташа ай сайынғы төлем Астана мен Алматы қалаларында – 158 мың және өңірлерде – 116 мың теңгені құрайды, яғни төмендеу 30% құрайды.

Сатып алынатын тұрғын үйдің орташа ауданы 70 м², құны Астана мен Алматы қалаларында – 300 мың теңге/м²  және өңірлерде  – 220 мың теңге/м² есептеуден алынған.

— «Даму» КДҚ» АҚ арқылы құрылыс компаниялары үшін қарыздардың сыйақы бөлшегін мемлекеттің қамтуы арқылы жеке үй салушыларды ынталандыру:

Үй салушыларға субсидиялар бойынша ақтық мөлшерлеме жылдық  17% аспайтын, ЕДБ несиелері бойынша 7% шегінде бекітілген. Үй салушылар үшін несиелік ресурстар құны шамамен жылдық 10% құрайды. Салынған тұрғын үйдің 50% ТҮҚЖБ салымшыларына өткізіледі: Астана, Алматы қалаларында 260 мың теңге/м² дейін, басқа өңірлерде – 220 мың теңге/м² дейін.

Бұл үй салушыларға 152 млрд теңге сомаға банк несиелерін субсидиялауға және шамамен 600 мың м² тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға мүмкіндік береді.


— Алдында бөлінген қаражат, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бөлінген қаражат, сондай-ақ түсетін арендалық төлемдерді қайта инвестициялау есебінен Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі салымшылары мен әкімдіктерде кезекте тұрғандар үшін «жаңартпалы» қағида бойынша несиелік тұрғын үй құрылысы көлемін арттыру:

Тұрғын үй құрылысына бөлінген қаражаттың айналымдылығын қамтамасыз ету үшін жыл сайын Тұрғынүйқұрылысжинақбанкіне 24 млрд теңге бөлінеді, бұл өз салымшыларына төмендетілген пайыздық мөлшерлемемен тұрғын үй ұсынуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде 15 жылда 12,0 млн м² несиелік тұрғын үй салынады, бұл тұрғын үймен 285 мың отбасын қамтамасыз етеді.

— халықтың әлдеқайда әлеуметтік әлсіз топтары үшін сатып алусыз арендалық тұрғын үй құрылысы:

2017 жылдан бастап жыл сайын 25 млрд теңге бөлу жоспарланған. Салынған арендалық тұрғын үй ЖАО-да кезекте тұрған адамдардың ішінен әлдеқайда әлеуметтік әлсіз топтарға арналады (I топ мүгедектері мен жетім балалар).

Бағдарламаны іске асырған 15 жылда арендалық тұрғын үй қоры 45 мың пәтерді немесе 2,2 млн м² тұрғын үйді құрайды.

— қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу арқылы жеке тұрғын үй құрылысын дамыту.

Облыс орталықтарында ЖТҚ дамыту үшін жергілікті материалдарды және ҮҚК технологияларын қолданумен бірыңғай үй салушы арқылы бірыңғай сәулеттік стильдегі жеке тұрғын үй құрылысы бойынша жаңа пилоттық жоба жүзеге асырылады. Үлгілік үй салу жобаларына ҮҚК технологияларын қолдану 1 м² 120 мың теңгеден қымбат емес тұрғын үй құрылысы құнын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жер телімдерін алуға әкімдіктерде есепте тұрған кезектегілер пилоттық жобаға қатысуға және жер телімі мен ИКИ тартылған дайын үйді өз бетінше сатып алуға немесе оны сатып алу үшін Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінде жеңілдікті несиелендіру алуға құқылы.

Мұндай тәсілдермен кезекте тұрғандар үшін төлем алғашқы 5 жылда 70 мың теңгені, келесі 10 жылда — 56 мың теңгені құрайды. Көрсетілген шаралар жыл сайын шамамен 40 мың үйді (4 млн м²) енгізуге мүмкіндік береді.

Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі — нөмір бірінші ойыншы

«Бәйтерек» ҰБХ, Бағдарламаның негізгі операторы ретінде, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «ҚИК» ИҰ, «ТҚКҚ» АҚ, «Даму» КДҚ және «ТҮҚЖБ» АҚ еншілес ұйымдары арқылы тұрғын үй құрылысы бойынша бағдарламалық құжаттарды іске асыруға белсенді қатысады.

«ТҮҚЖБ» АҚ еншілес ұйымы салымшылар қаражатын тұрғын үй құрылыс депозиттеріне орналастырып, оларға тұрғын үй заемын ұсыну арқылы халықтың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асырады.

Бүгінгі таңда тұрғын үй құрылысы жүйесі — жаппай тұтынушылар үшін өзінің тұрғын үй мәселесін шешудің нақты жалғыз мүмкіндігі, коммерциялық банктерге жалпы ипотека қызықсыз, олар оны өздерінің ағымдағы төлем қабылеттілігі жоғары клиенттерге ғана ұсынады.

Сондықтан, Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі — бұл қаржы ипотекалық өнімдер нарығындағы нөмір бірінші ойыншы және тұрғын үй алу үшін халыққа жалғыз қолжетімді мүмкіндік беретін тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы несиелендіру бағдарламасы болып табылады.

2014–2016 жылдар аралығында банк қатысушыларының еліміздің экономикалық белсенді тұрғындарына қатысты үлесінің өсімі байқалуда: 2014 жылы 5,3%, 2015 жылы 7,1%, 2016 жылы 9,8%.

Ипотекалық несиелендіру нарығында соңғы үш жылда ТҮҚЖБ үлесі жыл сайынғы ипотекалық қарыздар берудің 70% дейін ұлғайды. 2016 жылы жаңа салымшылардың өсімі 170 мыңнан астам адамды құрап, 780 мыңға жетті. 

Сондықтан, «Нұрлы жер» бағдарламасында тұрғын үйді несиелендіру үшін тұрғын үй құрылысы салымдары жүйесін тиімді пайдалану мәселесіне баса назар аударылды.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі кезекте тұрғандар мен банк салымшыларына несиелік тұрғын үйді, пилоттық жобада жеке тұрғын үй өткізу кезінде халыққа қарыздар ұсынуға қатысады, бұдан өзге банк өз салымшыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жеке бағдарламалық өнімдерді жүзеге асырады, сондай-ақ бастапқы, қайталама нарықта тұрғын үй сатып алуға қарыздар ұсынады.

Қысқаша тұжырымдамалар

«Нұрлы жер» бір бағдарламасы шеңберінде «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасынан тұрғын үй құрылысы саласындағы барлық ресурстар мен мәселелер ықпалдастырылды және шоғырландырылды.

Бағдарламада табыстары әртүрлі азаматтардың барлық санттарының мәселелері барынша ескерілген.

Жыл сайын халықтың аз қамтылған әлеуметтік әлсіз топтары үшін кепілді түрде сатып алусыз шамамен 3 мың пәтер салынады, ал әкімдіктерде кезекте тұрғандардың төлемге қабілетті санаттары мен тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінің салымшылары үшін қолжетімді бағалармен несиелік тұрғын үй салып, сатып алуға ұсынады.  

Жыл сайын өз күшімен жеке тұрғын үй салу үшін немесе  әкімдіктердің пилоттық дайын жеке үйлері құрылысы үшін кезекте тұрғандарға қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен жер телімдерін дайындау жоспарланған.

Қалған азаматтар үшін шектеусіз ЕДБ-де бастапқы тұрғын үйді сатып алу үшін жеңілдікті ипотеканы алу құқығы ұсынылады, үй салушылардың тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін жеңілдікті мөлшерлеме бойынша қарыз алу мүмкіндігі қарастырылады.

Жаңа жылға жоспар

2018 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 10,5 млн астам м² немесе 100 мыңға жуық тұрғын үйді пайдалануға беруді қамтамасыз ету жоспарланған.

Мемлекеттік инвестициялар есебінен пайдалануға беру күтілуде:  

  • сатып алусыз ЖАО-ның 3599 арендалық пәтері (189 000 м²);
  • ЖАО несиелік тұрғын үйінің 14 815 пәтері – МҚҚ (900 700 м²);
  • БД несиелік тұрғын үйдің 588 пәтері (35 100 м²);
  • сатып алумен «ҚИК» АҚ 1859 арендалық пәтері (103 мың м²); 
  • СҚЖМҚ 5251 коммерциялық пәтері (286 100 м²);
  • ҚДБ қорытындылаушы жобалары бойынша 1716 пәтер (113 000 м²).

     

Соңғы жаңалықтар