Нұрсұлтан Әбішұлы ұлы Қазақстанды аяғына тұрғызды - Юрий Лужков - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Әбішұлы ұлы Қазақстанды аяғына тұрғызды - Юрий Лужков

Нұрсұлтан Әбішұлы ұлы Қазақстанды аяғына тұрғызды - Юрий Лужков

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Юрий Лужковты қабылдады. Елбасы кездесу барысында Ю.Лужковтың Астана мен Мәскеу арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегін атап өтіп, оны 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

  • 28 Қазан 2016
  • 1482
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Caravan.kz тілшісі хабарлады. 

Мәскеу қаласының бұрынғы мэрі Мемлекет басшысын және барша қазақстандықтарды республика тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, көрсеткен құрметі мен кездесуге мүмкіндік туғызғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа  алғысын білдірді.

"Нұрсұлтан Әбішұлы ұлы Қазақстанды аяғына тұрғызды. Өз басым Мәскеуге мэр болған кезімде де, ол қызметтен кеткеннен кейін де оның осы ұлы істі атқарып, халқы үшін ұлы ерлік жасауына көмектесуге тырыстым" деді Лужков.

Айта кетейік, Юрий Лужков Мәскеу қаласын 1992 жылдан 2010 жылға дейін басқарды. Қазір ол фермерлікпен айналысады.


 

Соңғы жаңалықтар