Нұр-Сұлтан мектептерінде екінші тоқсанда ешқандай өзгеріс болмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтан мектептерінде екінші тоқсанда ешқандай өзгеріс болмайды

Нұр-Сұлтан мектептерінде екінші тоқсанда ешқандай өзгеріс болмайды

Қазір Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралу екпіні бойынша «сары аймаққа» енуіне байланысты, жалпы білім беретін мектептерде 5-сынып үшін, ал халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейінгі оқушылар үшін кезекші сыныптар ашу жоспарланып отырған жоқ.

  • 13 Қараша 2020
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

«5-сыныптардың кезекші сынып режимінде жұмыс істеу мәселесі Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында шешіледі. Екінші тоқсанда мектептердің жұмысына ешқандай өзгеріс енгізілмейді. Мектептерде барлық снаитарлық талаптарды сақтай отырып, 1-4 сынып оқушылары үшін 15 баладан аспайтын кезекші сыныптар жұмыс істейді», — делінген ақпаратта.

Басқарманың хабарлауынша, білім беру ұйымдарының жұмыс тәртібі эпидемиялогиялық жағдайға тәуелді. Егер өзгерістер болса, ата-аналар мен оқушыларға қосымша хабарланады.


Соңғы жаңалықтар