Нұр-Сұлтан мен Алматыда пойыздардың жүруін тоқтатады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтан мен Алматыда пойыздардың жүруін тоқтатады

Нұр-Сұлтан мен Алматыда пойыздардың жүруін тоқтатады

2020 жылдың 18 наурызындағы Мемлекеттік комиссияның шешімімен Нұр – Сұлтан және Алматы қалаларынан тұрғындар мен қонақтарының ағымдағы жылдың 22 наурызы 00.00 сағатқа дейін кіруіне немесе шығуына рұқсат берілді.

  • 19 Наурыз 2020
  • 210
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақстан темір жолының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осыған байланысты, Нұр – Сұлтан мен Алматы тораптарында құрылған пойыздардың, сондай-ақ келу пункті Нұр – Сұлтан мен Алматы қалалары болып табылатын пойыздар 2020 жылдың 22 наурызының 00.00 сағатынан бастап тоқтатылады.

Яғни, бүгінгі күннен бастап 2020 жылдың 22 наурызы 00.00 сағаттан кейін кесте бойынша еліміздің өзге өңірлерінен келуі жоспарланған пойыздар бағыты тоқтатылатын болады. Аталған пойыздарға билеттер сатылмайды.

Сондай-ақ 2020 жылдың 22 наурызы 00.00 сағаттан бастап Нұр – Сұлтан мен Алматы қалалары станцияларында жолаушыларды отырғызу мен түсіруге тыйым салынады.


Осыған байланысты, аталған қалалар арқылы транзиттік пойыздардың тоқтамай өтуі барынша қамтамасыз етіледі.

Карантин режимі біткенге дейін Нұр – Сұлтан мен Алматы қалаларынан қаламаңы жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтайды.

 

Соңғы жаңалықтар