Нұрсұлтан Назарбаев 25 жасар миллионерден сыйлық алды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев 25 жасар миллионерден сыйлық алды

Нұрсұлтан Назарбаев 25 жасар миллионерден сыйлық алды

Жас кәсіпкер Арман Досқамбаев ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа өзінің кәсіпорнында шығарылған сағатты сыйға тартты.

Алғашқы республикалық жастар форумында 25 жастағы кәсіпкер өз кәсібін 17 жасында бастағанын айтты.

  • 1 Желтоқсан 2016
  • 1817
Фото - Caravan.kz

Алғашқы республикалық жастар форумында 25 жастағы кәсіпкер өз кәсібін 17 жасында бастағанын айтты.

“Мен Қарағандыда компьютерлік техника бөлімін аштым, ол кезде мен айына 300 мың теңге табатынмын. Оқушы үшін ол үлкен ақша. Қазір жасым 25-те және мен төрт компанияның иесімін. Оның біреуі жылына 168 миллион теңге пайда алып келеді, жылына 33 жұмыс орнын ашады. Менің кәсіпорным сағат жасап шығарады және «Қазақстанда жасалған» жобасын қолдайды.

Кәсіпорын «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында мықты қолдау тапты», — деді Досқамбаев.


Жас кәсіпкерлерге қолдау көрсеткен елбасыға алғыс ретінде кәсіпкер өзінің компаниясында өндірілген сағатты сыйға тартты.

«Жарайсың! Енді швейцариялық емес, сенің сағаттарыңды тағатын боламыз», — деп жауап берді Назарбаев.

“Бүгін ол бөтелке шығарса, ертең тостаған шығарады. Жалпы икемді шағын кәсіптің алдында үлкен болашақ күтіп тұр», — деп түсіндірді президент.

Соңғы жаңалықтар