Нұрсұлтан Назарбаев Әбдел Фаттах Әс-Сисиді құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев Әбдел Фаттах Әс-Сисиді құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Әбдел Фаттах Әс-Сисиді құттықтады

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Әбдел Фаттах Әс-Сисиді Мысыр мемлекет басшысы қызметіне сайлануымен құттықтады.

  • 6 Маусым 2014
  • 435
Фото - Caravan.kz

Н.Назарбаев оның жетекшілігімен Мысырда саяси тұрақтылық орнап, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақтанады деп сенім білдірді.

«Қазақстан Мысыр Араб республикасын ислам әлеміндегі маңызды серіктестердің бірі деп біледі және екі жақты ынтымақтастықтың тереңдей түсуіне мүдделі екенін атап өткім келеді», — делінген мемлекет басшысының Мысыр президентіне жолдаған жеделхатында.

Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, Н.Назарбаев Әбдел Фаттах Әс-Сисиге елдің дамуына бағытталған жауапты қызметте зор денсаулық пен үлкен табыс, ал, бауырлас Мысыр халқына тұрақтылық пен бақуаттылық тіледі.