Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысының шаруаларын сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысының шаруаларын сынға алды

Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысының шаруаларын сынға алды

Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысының шаруаларын қатал сынға алды. Өңірдегі агралық саланың даму барысына Елбасының көңілі толмады.  

  • 20 Тамыз 2014
  • 320
Фото - Caravan.kz

Бұған Президент Алматы облысына барған сапарында анық көз жеткізді. Өйткені мемлекеттің қаржылай қолдауына қарамастан шаруалар жұмысты мандыта алмай отыр. Осы жерде Елбасы Батыстың өніміне санкция салған Ресейге жергілікті жеміс-жидекті экспорттауға болар еді деген ойын жеткізді. Сөйтіп табыс тауып, ірі нарыққа шығудың мүмкіндіктерін қарастыруды талап етті. Сондай-ақ, бірқатар зауыт пен әлеуметтік нысандарды аралаған Нұрсұлтан Назарбаев облыстағы құлағалы тұрған барлық үйлерді тегіс сүріп тастап орнына жаңасын салуға пәрмен берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
:

— Ескі үйлерден құтыламыз солай. Осы мәселемен айналысу керек.  Ал жерді үй тұрғызамын деген компанияға беру керек. Сөйтіп адамдар пәтерлі болады.