Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында капсулды қонақ үй ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында капсулды қонақ үй ашылды

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында капсулды қонақ үй ашылды

Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында футуристік стильдегі «Caps Lock» капсулды қонақ үйі ашылды.

  • 19 Қазан 2018
  • 36
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Жапон технологиясы бойынша әзірленген соңғы үлгідегі капсулды қонақ үйде жуынып, шайынып, ұйықтап тынығу үшін барлық жағдай жасалған.

Ең алғаш Жапонияда пайда болған капсулды қонақ үй туристер арасында кеңінен танымал. Қазақстандағы әуежайлар ішінде капсулды қонақ үй алғаш рет Астанада іске қосылды. Қонақтардың осы жерде еркін демалуы үшін smart-TV, жеке сейф, түрлі түсті LED жарықтары, «розеткалар», USB жүйесі, оқуға арналған үстел, желдеткіш, ауа баптағыш, өртке қарсы жүйе, оятқыш және ең бастысы таза төсеніштері мен жеке гигиеналық құралдары бар ортопедиялық төсек қойылған.

Қонақ үйде барлығы келушілерге берілетін магниттік SMART карта арқылы басқарылады. Келушілер қолдарына берілетін планшет арқылы өздеріне қажет рейстерді Оnline режимде біліп отырады. Қонақүй 10 адамға арналған.


Бүгінде мұндай тынығу орындары әлемнің көптеген қалаларында, атап айтқанда, Дубай, Атланта (АҚШ), Филадельфия (АҚШ), Мюнхен (Германия), Лондон (Ұлыбритания), Амстердам (Нидерланды), Токио (Жапония), Мехико (Мексика) әуежайларында бар.

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар