Нұрсұлтан Назарбаев белгілі тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлының туған-туыстарына көңіл айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев белгілі тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлының туған-туыстарына көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев белгілі тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлының туған-туыстарына көңіл айтты

 

  • 17 Ақпан 2021
  • 2900
Фото - Caravan.kz

Нұрсұлтан Назарбаев белгілі тележурналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұртілеу Иманғалиұлының қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Elbasy.kz. 

«Нұртілеу Иманғалиұлы саналы ғұмырын қазақ телевизиясының өркендеуіне арнады. Ол қатардағы тілшіден Ұлттық арнаның басқарма төрағасына дейінгі жолдан өткен нағыз майталман маман болатын. Оның қоғамдағы көкейкесті мәселелерді арқау етіп, әлеуметтік астарын аша білген айшықты авторлық бағдарламалары ұмытылмай, ел есінде қалады. Шебер жүргізуші, сұңғыла сұхбатшы ретінде эфирдегі ерекше бейнесімен, өзіндік болмыс-бітімімен қалың көрерменді ұйыта білген талантты да танымал тұлға тәуелсіз еліміздің тележурналистикасын дамытуға зор үлес қосты.

Көпшіліктің көзайымына айналып, ықыласына бөленген абзал азаматтың ғибратты ғұмыры мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады деп сенемін», — делінген жеделхатта.


Соңғы жаңалықтар