Нұрсұлтан Назарбаев болашақта елорданы қалай елестетінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев болашақта елорданы қалай елестетінін айтты

Нұрсұлтан Назарбаев болашақта елорданы қалай елестетінін айтты

 

  • 6 Шiлде 2021
  • 6171
Фото - Caravan.kz

ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қала күні қарсаңында "Qazaqstan арнасына берген сұхбатында елорданың келешегі туралы сұрақтарға жауап берді. Елбасы қала болашақта әлемнің ең ірі 600 қаласының қатарына кіруі тиіс екенін айтты депжазды Stan.kz

"Елорда тұрғызуды біз қаражат, мүмкіндік жоқ қиын заманда бастадық. Шешім қабылдау оңай болған жоқ. Кеңес одағы құлап, жеке қалып, зейнетақы, мұғалімдерге, дәрігерлерге жалақы төлейтін қаржы жоқ кезең еді. Сол уақытта саяси тағдырымды бәйгеге тіктім. Осы жылдардың ішінде талай тәуекелге бардым. Тәуекелдердің ішінде ең үлкені — осы астананы салу болды. Ел аралап жүргенде ылғи көз салатыным солардың ғимараты болатын. Еуропа, Шығыс, Қытай, Испания, Италияның архитектурасы үйлесім тауып, келген адамдардың көз жауын алатын әсем қала болып қалыптасты. Қала әрі қарай өсіп-өркендейтін болады, халқы 2-3 миллионға жетеді. Сөйтіп, үлкен қалалар қатарына қосылады", — деді Назарбаев.

Қазіргі күні әлем экономикасының 50 пайызы дүниежүзінің ең үлкен 300 қаласына тиесілі. Сарапшылар пікірі бойынша, ондай қалалардыңқатары келешекте 600-ге жетеді.


"Яғни, онда әлемнің бүкіл экономикасы болады. Себебі ғылым, мәдениет, өнер, мамандар сол үлкен қалаларға шоғырланады. Бұл қатарға Еуропа мен Азияның ортасындағы елорда да кіруі тиіс. Арман — сол. Оны келешек жастар көреді", — деді Елбасы.

Қазір елордада республика халқының 7 пайызы тұрады. 1997 жылмен салыстырғанда халық саны 4 есеге артты. Бүгінде қала тұрғындарының саны – 1 миллион 200 мың.

Еске салсақ, бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елорданы газдандыру ісі туралы айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар