Нұрсұлтан Назарбаев: Домбыра - қазақтың бренді мен паспорты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев: Домбыра - қазақтың бренді мен паспорты

Нұрсұлтан Назарбаев: Домбыра - қазақтың бренді мен паспорты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады. 

  • 1 Шiлде 2018
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  ҚазАқпарат тілшісі хабарлады. 

 «Домбыра Ұлы Даланың төсінде ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасап келеді. Баршаңызды ұлы мұрамызды ұлықтайтын Ұлттық домбыра күнімен шын жүрегімнен құттықтаймын. Менің Жарлығыммен жыл сайын осы айдың бірінші жексенбісі домбыра күні болып аталып өтілмек. Сол Жарлыққа байланысты бүгін тек қана Астанада емес, Қазақстанның барлық аумағында, облыс орталықтарында, қалаларда, аудандарда, ауылдарда да дәл осылай мерекелер өтуде. Домбыра — қазақтың жаны, рухы, тарихы, салт-дәстүрі, бүкіл болмыс-бітімі деп айтуға болады. Ол Ұлы Даланың төсінде ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасап келе жатыр», — деді Елбасы Астанада Ұлттық домбыра күніне арналған концертте сөйлеген сөзінде.

Осы орайда, бүкіл Қазақстанның жері ежелден домбыраның күмбірлеген үнін естіп келе жатқанына тоқталған Президент, «Алтайдан Атырауға дейін барша Қазақстанның даласы осы домбыраның үнін естіп келеді. Ол бүкіл біздің даламыздың, барлық қазақтың қаны да, жаны да бір екенін нақты білдіреді», — деді. Н. Назарбаев тыңдаушысын жігерлендіретін төкпе күйлер мен сыршыл шертпе күйлер қазақтың табиғатын танытатынын атап өтті. «Қастерлі аспап бүгінде симфония мен операға әр беріп, классикалық өнердің ажырамас бөлшегіне айналып келеді. Ол — қазақтың бренді мен паспорты, ешкімге ұқсамайтын қайталанбас келбеті», — деді Елбасы.


 

Соңғы жаңалықтар