Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Кәрімовтің бейітіне барып, бата оқыды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Кәрімовтің бейітіне барып, бата оқыды

Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Кәрімовтің бейітіне барып, бата оқыды

Нұрсұлтан Назарбаев И.Кәрімов жерленген орынға гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

  • 13 Қыркүйек 2016
  • 673
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы жиналғандарға арнаған сөзінде Ислам Кәрімовпен екеуін ұзақ жылдар бойы берік достық, шынайы түсіністік, өзара тілеулестік байланыстырып келгенін айтты.

– Өзбекстандықтардың келер ұрпағы, келесі буыны Ислам Кәрімовты әрдайым есте сақтайды деп сенемін.  Оның артта қалған мол мұрасын, мемлекеттік қызметінің нәтижелерін ұрпақ зерттеп-зерделеп, атқарған істерін өзбек халқының тарихына алтын әріптермен жазады. Ол бүкіл әлемге танымал көшбасшы болды, ел экономикасының қалыптасуы мен дамуы, халықтың әл-ауқатының артуы оның есімімен байланысты. Біз ұлы адамнан айырылдық, – деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев бауырлас елдеріміз арасындағы тарихи және стратегиялық байланысты нығайту жолында Өзбекстанның тұңғыш Президенті баға жетпес рөл атқарғанына тоқталды.

– Қазақ пен өзбек халқы әрдайым бір-бірімен етене жақын болды. Ислам Абдуганиевич екеуміз 1998 жылы Қожа Ахмет Иасауи кесенесі басында мәңгілік достық туралы келісімге қол қойдық, біздің қарым-қатынасымыз үнемі сол келісімге негізделді. Қазақстан әрқашан өзбек халқымен қанаттасып, қатар келеді және солай бола береді. Біз сіздермен барлық қуанышты бірге бөлісіп, қиын кездерде бірге қайғырамыз, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев И.Кәрәмовтің отбасымен кездесіп, Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан шын ниетімен көңіл айтты.


????????????????????????????????????

Соңғы жаңалықтар