Биыл самитті қабылдап жатқан Түркия президенті Абудулла Гүл әріптестерін есік алдынан күтіп алып жатыр. Халықаралық протоколға салсақ бұл үлкен құрмет. Аяғын ауыртып алды ма, басқосуға Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаев таяққа сүйеніп келді. Кейін Қазақстан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Қырғызтан және Түркия президенттері галстуксыз бейресми кездесу өткізді. Ал жаңа ғана келіп түскен мәліметтерге қарағанда, Нұрсұлтан Назарбаев самит отырысында бірқатар бастамалар көтерді. Қазақстан басшысы Ұлы Жібек Жолын жаңғыртып, экономикалық байланысты нығайтуға шақырды. Өйткені бес түркітілдес мемлекеттердің тауар айналымы бар болғаны 5 пайызды құрайды екен. Сонымен қатар Назарбаев әлемге түркі мәдениетін паш ететін телеарна ашуды ұсынды.