Нұрсұлтан Назарбаев Мария Әуезовамен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев Мария Әуезовамен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Мария Әуезовамен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев пауэрлифтингтен спорт шебері, альпинист Мария Әуезовамен кездесті.

  • 13 Желтоқсан 2021
  • 28
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында Мария Әуезова асыл арманы – бионика протездерін алу жолында көрсеткен қамқорлығы мен қолдауы үшін Елбасына алғыс білдірді.

Өз кезегінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті мүмкіндігі шектеулі болса да Эверест шыңын бағындыруға батылдық танытқан спортшының табандылығын атап өтті.

"Кезінде мен Абай шыңын бағындырдым. Ол қаншалықты қиын екенін білемін. Эверестке шығу арқылы төзімділік таныттыңыз. Сіз — ғажапсыз. Мұндай мысалдар шабыттандырады", — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

2021 жылдың сәуірінде альпинистер тобы Мария Әуезовамен Эверест базалық лагеріне (5364 метр) және Кала-Патхар тауына (5640 метр) шықты. Эверестті бағындырған альпинистің әрекетіне сүйсінген Елбасы ҚХА-ның 29-сессиясында қызға протез сатып алуға көмектесуге уәде берді.


Мария Әуезова Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен бионика протездерін алып, мамандардың бақылауымен бейімделу курсынан өткен.

Соңғы жаңалықтар