​Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
​Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

​Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы күллі әлем мұсылмандары үшін айрықша қастерлі болған Ораза айт мерекесімен қазақстандықтарды құттықтады.

  • 15 Маусым 2018
  • 21
Фото - Caravan.kz

«Баршаңызды күллі әлем мұсылмандары үшін айрықша қастерлі мейрам – Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Қасиетті Рамазан айы – рухани жаңарудың символы. Бұл кезде адамдар мейірімділік, ізгілік, татулық пен келісім сияқты бірегей құндылықтарға бет бұрып, әркім өзінің әрекеті мен өзгелерге қарым-қатынасын қайта бір саралайды, деп жазады Ақорданың сайты.

Рухани жаңарып, жаңғыруға талпыну бәріміз үшін маңызды және ол қазіргі қазақстандық қоғам алдындағы міндеттерге неғұрлым сай келеді» деген Елбасы қазақстандықтарға ерте заманнан озық ғылым мен білімді дамытуға жол ашып, адамдарды өздерін жетілдіруге және үндестікте өмір сүруге бастап келе жатқан қасиетті исламның жасампаз рөлін кәдеге жарата білуге шақырды.

«Осы мереке күндері әрбір мұсылман жақсы істер жасауға, жақындарына қуаныш сыйлап, мұқтаж жандарға көмектесуге тырысады. Осындай ізгі ниеттер мен игілікті істер еліміздің бірлігі мен тұтастығын сақтауға зор септігін тигізетін біздің ұлттық бірегейлігімізге негіз болуда. Шуақты Ораза айт мерекесінде баршаңызға зор денсаулық, амандық және бақ-береке тілеймін!»
, деді мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар