Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Тембекиле Мандела Қорымен меморандумға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Тембекиле Мандела Қорымен меморандумға қол қойды

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Тембекиле Мандела Қорымен меморандумға қол қойды

Бүгін Нұрұлтан қаласына жұмыс сапарымен Тембекиле Мандела Қорының негізін қалаушы әрі атқарушы директоры Ндилека Мандела келді.

  • 23 Тамыз 2021
  • 2015
Фото - Caravan.kz

Ндилека Мандела Қазақстан астанасына сапарын әуелі Нұрсұлтан Назарбаевтың Қорына барудан бастады, онда қордың атқарушы директоры Қанат Жұмабаевпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Ндилека Мандела — Оңтүстік Африка Республикасының Тұңғыш президенті, Нобель сыйлығының лауреаты Нельсон Манделаның үлкен немересі. Ол БҰҰ қамқорлығындағы халықаралық бағдарлама аясында «Лидеры как Мандела» (Leading like Mandela) және әкесінің құрметіне арнап Тембекиле Мандела Қорын құрған.

Ндилека Мандела Нұрсұлтан Назарбаев қорының қызметімен танысып, өз қорының жұмысы жайлы әңгімеледі.

Оның айтуынша, аталған Қор 2014 жылы құрылған. Қордың басты міндеті – Нельсон Мандела мен оның ұлы Тембекиле Манделаның ізгі істерін жалғастыру һәм насихаттау. Қор БҰҰ-ның «Күн тәртібі – 2030» бағдарламасы аясында тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға, жастар мен әйелдерді дамыту үшін мүмкіндік жасауға, сонымен бірге, Африка мен әлем халқының өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді.

Өз кезегінде Қанат Жұмабаев Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қызметіне тоқтала келе, екі ұйымның көптеген бағыты ұқсас екенін ерекше атап өтті. Екі қор да әлеуметтік және білім беру саласындағы жобаларды, жастардың өзін-өзі дамытуы сынды өзге де ілкімді істерді жүзеге асырады.

Қоғамдық әрі саяси қайраткер ретінде Ндилека Мандела Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларын белсенді түрде қолдайтынын атаған жөн. Бұл қолдау игі шараны жүзеге асырудан байқалады. Елбасының бастамасымен қолға алынған «G-Global» халықаралық жобаның Африкадағы өкілдігінің басшысы болып табылады.


Ндилека Мандела «G-Global» халықаралық қорының төрайымы «БҰҰ-2030 күн тәртібі мен ТДМ іске асыруға жастардың үлесі», «Жібек жолы жаһандық сыйлығы» / «Global Silk Road Award» халықаралық кеңесінің мүшесі, ядролық қауіпсіздік пен ядролық қарудан азат әлем үшін көшбасшылардың жаһандық альянсы қызметін атқарады.

Кездесу соңында Қор басшылары өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Соңғы жаңалықтар