Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа жылды қайда қарсы алатынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа жылды қайда қарсы алатынын айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа жылды қайда қарсы алатынын айтты

Президент "Жаңа жылды қайда қарсы алсаң, сонда жұмыс істейсің" деген мәтелге сүйенеді

  • 29 Желтоқсан 2017
  • 257
Фото - Caravan.kz

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО конгресс орталығында қайырымдылық балында сөйлеген сөзінде Жаңа жылды қайда қарсы алатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik.

"Президент Жаңа жылды қайда қарсы алады деп сұрап жатады. Кеңсемде. Өйткені қайда қарсы алсаң, келесі жылы сонда жұмыс істейсің", — деп мемлекет басшысы сөзін әзілмен бастады.

Президенттің сөйлеген сөзінің видеосын әлеуметтік желіде Ғазиза Райымбек жариялады.

Президент өмірдегі ең маңызды дүниені еске салды.

"Дұрыс өмір сүру үшін, еліміз гүлденіп, болашақта өзінің ізгі орнын иеленуі үшін жұмыс істейміз. Ең бастысы – біздің бірлігіміз, өзара сеніміміз бен құрметіміз және бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз", — дейді ол.

Жаңа жылдық бал 28 желтоқсанда болды.

Соңғы жаңалықтар