Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға келді
![]() |
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. |
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ашхабадқа келді. Сапар аясында Қазақстан Президентінің Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесуі жоспарланған.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындарының ашылу рәсіміне қатысып, Қазақстанның ұлттық құрамасымен және спорт делегациясымен кездеседі.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін