Нұрсұлтан Назарбаевқа Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевты қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаевқа Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевты қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаевқа Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевты қабылдады

 

  • 2 Ақпан 2018
  • 410
Фото - Caravan.kz


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне Ұлттық банктің 2017 жылы атқарған жұмысының қорытындысы жөніндегі есебі ұсынылды. Данияр Ақышев Елбасыға Ұлттық банктің қазіргі қызметі, ақша-несие саясатының басты бағыттары, сондай-ақ еліміздің қаржы нарығындағы ахуал туралы баяндады. Ұлттық банк төрағасының есебіне сәйкес, 2017 жылы инфляция деңгейі 7,1 пайызды құрап, жыл соңында алтын-валюта қорының көлемі 30,7 миллиард АҚШ долларына жеткен. "Қаңтар айында ахуал одан да жақсара түсті. Банк резервтері тағы 3 пайызға өсіп, 31,7 миллиард АҚШ долларына жетті. Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері 58,3 миллиард АҚШ долларын құрады. 2018 жылғы қаңтарда инфляция деңгейі 0,6 пайыз болды. Бұл біздің биылға белгілеген – бестен жеті пайызға дейінгі аралықтағы жаңа өлшемімізге еніп отыр", — деді Ақышев. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
 

Соңғы жаңалықтар