Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары Америка сарапшыларының қызығушылығын туғызды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары Америка сарапшыларының қызығушылығын туғызды

Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары Америка сарапшыларының қызығушылығын туғызды

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ 70 жылдық мерейтойлық сессиясында көтерген бастамалары әлемде қазіргі таңда орнаған тәртіпке айтылған жауап болды.

  • 2 Қазан 2015
  • 656
Фото - Caravan.kz

Осындай ойымен АҚШ-та іссапарда жүрген саясаттанушы Санжар Боқаев бөлісті.

Бірқатар жоспарлы кездесу барысында ол белгілі сарапшылардың ой-пікірімен  жеке танысуға мүмкіндік алды.

«Шын мәнінде, Қазақстан басшысының идеялары Еуразия мен Орта Азия аймағын зерттеп жүрген сарапшылардың арасында үлкен қызығушылық туғызды. Бұған дейін де БҰҰ моделінің ескіргендігін көп сарапшы айтып келген болатын. Назарбаевтың ойлары барлық ұйымды қайта қалыптастыру контексінде оларға қызықты болып көрінді. Қазақстан басшысының сөзінен «Әлемді жаңғырту» туралы аңғарған сарапшылар көп болды. Яғни, оның идеясы қазіргі заманда қалыптасқан әлемдік тәртіпті өзгерту туралы болды. БҰҰ сарапшылары аймақтық қақтығыстарды оңтайлы шешетін Қазақстанның БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне қатысуын оң бағалап отыр», — деді С.Боқаев.

Айта кету керек, қыркүйектің 29-ында ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ 70 жылдық мерейтойында қазақ тілінде баяндама жасады. Өз сөзінде ол 2045 жылға дейінгі жаһандық даму жоспарын құруды ұсынды.


Сондай-ақ, Елбасы БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясының трибунасынан ұлттық әлемдік валютаның құрылуы мен терроризмге қарсы күрестің бірыңғай әлемдік желісін құру мәселелерін тілге тиек етті.

Н.Назарбаев жаһандық дағдарыспен күресті қазіргі кезде заңдылық, демократиялық, бәсекелестік, тиімділік және халықаралық бақылау ұстанымдарына сай келмей отырған эмиссия мен әлемнің резервтік валюталары айналымын реттеуден бастау қажет екендігін атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар