Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы латын әліпбиінде басылып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы латын әліпбиінде басылып шықты

Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы латын әліпбиінде басылып шықты

Нұрсұлтан Назарбаевтың "Жылдар мен ойлар" кітабы латын әліпбиінде жарық көрді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

  • 30 Қазан 2017
  • 717
Фото - Caravan.kz

Бүгін ұлттық академиялық кітапханада латын әліпбиі залы ашылды. Бұл залда 1929-1940 жылдары жарық көрген латын графикасы негізіндегі қазақстандық кітаптар мен мерзімді басылымдардың көрмесі және тақырыптық жаңартылған нұсқалары қойылған.  Орталықта латын қарпіндегі ұлттық әліпби оқытылып, семинар-тренингтер, оқу курстары, лингвист ғалымдардың онлайн кеңестері өтеді. 

Орталықтың ашылу салтанатында Нұрсұлтан Назарбаевтың латын қарпінде басылып шыққан кітабының тұсаукесері өтті. Кітап әзірге бір данамен жарыққа шықты. 

Кітапты Астанадағы №40 мектептің оқушылары оқып көрді. Олар апострофпен жазылған кейбір сөздерді оқуға қиналса да, бір айдың ішінде меңгеріп аламыз дейді. 

"Бұл қазіргі заман талабы. Ұлттық кітапхана президенттің саясатын насихаттауды көздейді. Латын графикасында жазылған мәтіндер, құжаттар біздің оқырмандарымызға көмектеседі, біз барлық сұрақтарға онлайн түрінде жауап беруге де дайынбыз", — деді ұлттық кітапхананың директоры Үмітхан Мұңалбаева. 

  • Оқушылар латын әліпбиі залында кітап оқып жатыр
  • Латын әліпбиінде басылып шыққан Нұрсұлтан Назарбаевтың Жылдар мен ойлар кітабы
  • Оқушылар латын әліпбиі залында кітап оқып жатыр
  • латын графикасындағы қазақ әліпбиін оқытып жатыр
  • Латын әліпбиінде жазылған кітаптар
  • Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамыту орталығының маманы

Оқушылар латын әліпбиі залында кітап оқып жатыр

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 27 қазанда қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды.

Енді үкімет қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрады. Сонымен қатар қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етеді. 

 

Соңғы жаңалықтар