Нұрсұлтан Назарбаевтың Жезқазған қаласына жасаған жұмыс сапарынан репортаж - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаевтың Жезқазған қаласына жасаған жұмыс сапарынан репортаж

Нұрсұлтан Назарбаевтың Жезқазған қаласына жасаған жұмыс сапарынан репортаж

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» екі жаңа теміржол желісіндегі қозғалысты бастап берді.  

  • 22 Тамыз 2014
  • 834
Фото - Caravan.kz

«Бүгін біз екі жаңа теміржол магистральдарын ашып отырмыз. Мұндай оқиға біздің тарихымызда болған жоқ. «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» жолдарының жұмысы бірнеше өңірдің, бүкіл республиканың өміріне ұзақ жылдар бойы және алдағы ондаған жылдарға қызмет етеді», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Президент тәуелсіздіктің бүкіл кезеңінде теміржолдар мен автомобиль жолдарының  құрылысы тоқталған жоқ, «өйткені біздің еліміздің  орасан зор аумағында көлік коммуникациясын дамытпайынша даму мүмкін емес», деп атап көрсетті.

Құрылыстың бастапқы нүктелері: Маңғыстау облысындағы  Бейнеу стансасынан, Ақтөбе облысының Шалқар стансасынан, Қызылорда облысының Сексеуіл стансасынан және Жезқазған қаласынан тікелей қосылу жаңа жолдармен жүк алып шыққан алғашқы пойыздардың аттануын көруге мүмкіндік берді.
Ауқымды көлік жобасының құрылысы 2012 жылғы маусымда ашылған болатын. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлағандай, үлкен жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, 1200 шақырымнан астам жол төселіп, түйістірілді, қызметкерлер мен қызмет көрсететін адамдарға тұрғын үй нысандары салынды, қажетті инфрақұрылым тұрғызылды.

Жаңа темір жолдардың орналасуы Қазақстанның батысынан шығысына және солтүстігінен оңтүстігіне жүктер тасымалдау қашықтығын қысқартады, еліміздің көлік мүмкіндіктерін кеңейтеді.

«Бүгін пайдалануға берілетін 1000 шақырымнан асатын теміржолдар «Солтүстік-Оңтүстік» және «Шығыс-Батыс» бағыттарындағы жүк тасқыны бағыттарын оңтайландырады. Теміржолдардың жұмысы Орталық және Батыс Қазақстанның дамуына қуатты серпін беріп, өңірлердің өнеркәсіптік әлеуеттері мен өндірістерінің дамуын жеделдете игеруге жағдай туғызып, экономикалық белсенділігін ынталандырады. 3,5 мың жұмыс орындары ашылады», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

ҚТЖ жаңа жолдарды іске қосу Қытайдан Ресей бағытына және одан әрі Еуропаға трансқазақстандық көлік дәліздерінің көліктік әлеуетін елеулі арттырады, деп санайды.

«Жезқазған-Бейнеу», «Арқалық-Шұбаркөл»  құрылысына 500 млрд. теңге жұмсалды.

Ол жаңа стансалар желілерін іске қосу — Қазақстан экономикасы дамуының мүмкіндіктері екенін атап өтті.

«Бұл жолға мемлекет 500 млрд. теңге жұмсады. Бұл Қазақстан мүмкіндігі мен таңдаған бағытымыздың дұрыстығын бейнелейді», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жезқазған — Бейнеу және Арқалық — Шұбаркөл жаңа теміржолдарының жұмысын бастап берді.

«Шалқар-Бейнеу» жолы учаскесін 2 мың адам салды — С.Ерғожин

Телекөпір барысында құрылыстың бастапқы нүктесілернен: Маңғыстау облысының Бейнеу стансасынан, Ақтөбе облысындағы Шалқар стансасынан, Қызылорда облысындағы Сексеуіл стансасынан, Қостанай облысындағы Арқалық қаласынан және Жезқазған қаласынан тікелей қосылу болды.

«Шалқар-Бейнеу» жолы учаскесінің құрылысы 2012 жылғы қыркүйекте басталды. 2 жылдың ішінде 498 шақырымдық басты жол және 52 шақырымға стансалық жолдар төсемі салынды. 2 құрылыс-монтаж пойыздары: «Шалқар» ҚМК және Бейнеу» ҚМК жұмыс жасады. Жолда жоғары қауіпсіздік қамтамасыз етіледі.  Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін байланыс дабылы жүйесі және жаңа технологиялар қолданылуда. Құрылыста барлығы 2 мыңдай жұмысшы еңбек етті. Бұл үлкен жетістік деп ойлаймын», — деді «Теміржол Жөндеу» ЖШС бас директоры Саянтай Ерғожин.  

2012 жылғы маусымнан 2014 жылғы тамызға дейінгі құрылыс кезеңінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ үлкен жұмыстар көлемін атқарды: 1200 шақырымнан астам жол төселіп, түйістірілді, қызметкерлер мен қызмет көрсететін жұмысшыларға тұрғын үй нысандары салынды, қажетті инфрақұрылым тұрғызылды.

Жаңа темір жолдардың орналасуы батыстан шығысқа және солтүстіктен оңтүстікке қарай  жүк тасымалы қашықтығын елеулі қысқартуға мүмкіндік береді, Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін кеңейтеді.


"Жезқазған-Бейнеу" және "Арқалық-Шұбаркөл" екі жаңа теміржолдары пайдалануға берілуімен Жезқазған мен Арқалық қалалары жедел дамитын болады.

Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы «Жезқазған-Бейнеу», «Арқалық-Шұбаркөл»  темір жолдарының ашылу салтанатында айтты.

«Жезқазған-Бейнеу», «Арқалық-Шұбаркөл» желілері енді өңірдің келбетін танымастай өзгертеді. Бұдан былай Жезқазған көлік тұйығы болмайды. Бұл қаланы дамыту үшін өте маңызды. Арқалық та теміржол тұйығы болмайды. Бұл өңір тұрғындары үшін үлкен бақыт және үлкен оқиға. Енді ол республикалық және халықаралық маңыздағы стратегиялық бағытта орналасқан, деп атап өтті»,  — Мемлекет басшысы бүгін екі жолды пайдалануға беруді бастай келіп.

Президент жаңа тармақтар қашықтықты, аграрлық және өнеркәсіптік өнімдерді жеткізу мерзімін қысқартатынын атап көрсетті.

«Біз теміржолдармен орасан үлкен еліміздің шығысын, орталығын, батысын, солтүстігін және оңтүстігін берік байланыстырдық. Елдің көлік өндірісінің бірлігі және қалыпты теміржол желісі құрылды. Бұл бизнес үшін, әсіресе өндірістік секторға жаңа тәртіп мүмкіндігі. Біз тасымалдарды оңайлатумен қатар осы жолдар салынған үлкен аймақтың ресурстық базасын айналысқа тартамыз. Оның үстіне қанша адам жұмысқа ие болады», — деп қосты Н.Назарбаев.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке Жезқазған экономикалық өнеркәсіптік өңірін қалпына келтіру және дамытудың арнайы бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

«Соңғы жылдары мыс кенінің таусылуына байланысты үлкен қиындықтарға кездестік. Жезқазған мыс балқыту комбинатын тоқтатуға мәжбүр болдық. Үкіметке Жезқазған экономикалық өнеркәсіптік өңірді қалпына келтірудің және дамытудың арнайы бағдарламасын әзірлеуді тапсырдым», деді Н. Назарбаев.

Оның айтуынша, «бұрынғыға қарағанда көлемі 20 млн. тонна бай  кен алу үшін және Жезқазған мыс балқыту зауытын іске қосу үшін» кен маңында орналасқан кенттерден адамдарды басқа орындарға көшіруге 240 млн. доллар бөлінді.

Соңғы алты жылда қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 66 жастан 71 жасқа дейін көтерілді. 

«Біз әйелдердің босануы кезінде қанша ана мен баладан айырылдық. Қазірде өлім-жітім күрт төмендеп, халық саны өсуде. Соңғы алты жылда қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 66-дан 71-ге дейін көтерілді. Бұл тәуелсіздік алған жылдардан бергі экономикамыздың жеткен басты жетістіктерінің бірі деуге болады», — деп атап өтті Н. Назарбаев.

Президент төрт жыл бұрын 200 мың адам жүрекке ота жасатудың кезегінде тұрғандығын айтты. «Олар батыста ота жасату үшін 30 мың доллар таба алмады. Қазір облыс орталықтарында, ірі қалаларда сондай ота жасайтын кардиологиялық орталықтар салынды. Бұл мыңдаған адамдардың өміріне араша болды», — деп атап өтті Н. Назарбаев.