Нұр-Сұлтан қаласында белгісіз жас жігіт оқушы қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтан қаласында белгісіз  жас жігіт оқушы қызға шабуыл жасады (ВИДЕО)

Нұр-Сұлтан қаласында белгісіз жас жігіт оқушы қызға шабуыл жасады (ВИДЕО)

Куәгерлердің айтуынша, бейтаныс ер адам қыз баланы белгісіз бағытта сүйрей жөнелген. Оқушыбірден айқайлап көмек шағырған. Мұны естіген көршілер көмектесуге асықты.  Күдікті қаша жөнелгенімен жергілікті тұрғындар оны ұстап алып, полиция шақырды. 

  • 22 Қыркүйек 2021
  • 33
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz порталы хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, кешкі уақытта мас күйдегі ер адам мектептен келе жатқан кәмелетке толмаған қызға жақындап барған.  Аталған дерек бойынша 25 жастағы күдікті ұсталды. Медициналық тексеру нәтижелеріне сәйкес, ол орташа ауырлықтағы мас күйінде болған. Ұсталған азамат бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі тергеуге дейінгі тексеру жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша  шешімі қабылданатын болады.

 

Соңғы жаңалықтар