Нұр-Сұлтан қаласында ішімдік сатуға шек қою ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.62
  • 517.19
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтан қаласында ішімдік сатуға шек қою ұсынылды

Нұр-Сұлтан қаласында ішімдік сатуға шек қою ұсынылды

Елорданың ойын-сауық орындарында ішімдік сату шектелуі мүмкін

  • 4 Сәуiр 2019
  • 15
Фото - Caravan.kz

 Елорданың ойын-сауық орындарында түнгі 23.00-ден таңғы 08.00-ге дейін ішімдік сатуға шектеу қою ұсынылды, деп хабарлайдыElorda Aqparat.

Бұл ұсыныс қала әкімдігінде ойын-сауық мекемелері мен халық көп жиналатын орындарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күшейту туралы өткен жиналыста айтылды.

"Тәртіп бұзушылықтың басым бөлігі ішімдік ішкен соң болады. Сондықтан мейрамхана, дәмханаларда түнгі сағат 23.00-ден таңғы 08.00-ге дейін ішімдік сатуды шектеуді ұсынамыз", — деді қалалық ІІД жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Госман Жакин.

Биыл 41 ойын-сауық мекеме иесіне тәртіп бұзушылыққа әкеліп соғатын жайттарды жою керектігі ескертілген.

"Темекі бұйымдарын сату ережесін бұзғаны үшін 86 мекеме жетекшісіне, түнде ойын-сауық орындарына кәмелеттік жасқа толмағандарды кіргізгені үшін 115 мекемеге ескерту берілді", — деді Госман Жакин.


2018 жылдың қараша айынан бастап патрульдік қызметтің жұмыс істеу тәртібі өзгерген болатын. Полицейлердің біразы тәртіп бұзушылықты көлікпен емес, жаяу жүріп тексереді. Демалыс және мереке күндері барлық ойын-сайық орындарының жанында полиция қызметкерлері кезекшілік етеді.

Жыл басынан бері ойын-сауық орындарындағы тәртіп бұзушылық жайлы үш мыңға жуық қоңырау түскен.