Нұр-Сұлтан тұрғыны 40 адамның атынан онлайн несие алған - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтан тұрғыны 40 адамның атынан онлайн несие алған

Нұр-Сұлтан тұрғыны 40 адамның атынан онлайн несие алған

 

  • 24 Тамыз 2020
  • 70
Фото - Caravan.kz

Нұр-Сұлтанда 40 жастағы ер адам 40 адамның атынан онлайн несие рәсімдеген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үш күнде елордалық полицейлер Интернетте 50-ге жуық қылмыстық құқықбұзушылықты анықтаған. Оның ішінде 29 интернет-алаяқтық және 7 интернет-ұрлық деректері бар. Сондай-ақ, 14 киберқылмыскердің ұсталғаны хабарланды.

"40 жастағы ер адам ұсталды, оның 40 адамның атынан онлайн-несие рәсімдеп, алаяқтық жасағаны анықталды. Ер адам мәліметтерді заңсыз жинау арқылы Қазақстан азаматтарының жеке мәліметтерін алып, ақпараттық технологиялардың көмегімен несие рәсімдеген. Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", — делінген полиция хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар