Нұр-Сұлтан vs Нұрсұлтан: Бас қаланың атауы тағы өзгере ме? - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтан vs Нұрсұлтан: Бас қаланың атауы тағы өзгере ме?

Нұр-Сұлтан vs Нұрсұлтан: Бас қаланың атауы тағы өзгере ме?

 

  • 12 Қыркүйек 2019
  • 46
Фото - Caravan.kz

Нұр-Сұлтан әкімдігі қала атауының тағы да өзгеруіне қатысты пікір білдіріп, желіде тараған ақпараттың жалған екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz

Әлеуметтік желіде «Нұр-Сұлтан қаласы атауының тағы да өзгеретіні» туралы ақпарат қызу талқыға түсті. Бірі бұл өзгеріске бей-жай қарайтынын жеткізсе, енді екіншілері түбегейлі қарсы екенін айтуда. Кейінгілердің қатарында саясаткер Мұхтар Тайжан да бар. 

«Нұр-Сұлтанды Нұрсұлтанға ауыстыруға қарсымын. Тағы бекерден бекер ақша шашудың қажеті жоқ. Бәрібір бұл атау уақытша ғана деп білемін», — деп жазды ол. 

Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезегінде бұл пікірді қоштай түсті. Дені қарсы екенін жеткізді. Арасында жаңалықтың жалған екенін айтқандар да болды. 


Желіде таралған ақпаратқа қатысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы пікір білдіріп, жаңалықтың шындыққа жанаспайтынын айтты. 

«Иә, мұндай ақпараттың таралып жатқанын білеміз. Бірақ бұл жалған ақпарат», — деді әкімдік қызметкері Ақмарал Әкімжанова. 

Сондай-ақ, желі қолданушылары мұның босқа шығындалу екенін айтты.