“Нұрсұлтан-2011” альпиниадасына жоспарлаған 2000 адам жиналмады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Нұрсұлтан-2011” альпиниадасына жоспарлаған 2000 адам  жиналмады

“Нұрсұлтан-2011” альпиниадасына жоспарлаған 2000 адам жиналмады

Алматыда “Нұрсұлтан-2011” альпиниадасы және  көлденең шақырым жарысы өтті. Дәстүрлі сайысқа кәсіпқой альпинистермен қатар қарапайым тұрғындар да қатысты.

  • 5 Шiлде 2011
  • 535
Фото - Caravan.kz

Биылғы жарыс Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналды, оған қоса жылдағыдан көп қатысушы болады деп күтілді. Ұйымдастырушылардың жоспарлаған 2000 адамы жиналмады, оған қоса шыңға көтерілгендердің жартысынан көбі әскерилер болды. Жас ерекшелігі бойынша “Отбасылық”, “Жастар”, “Ересектер” және “Ардагерлер” категориялары бар. Былтыр дәл осы жарыста жеңімпаз атанған 70 жастағы Ауқан Мұқатаев қазірбұған жастарды қызықтыру қиынекенін айтады.

Ауқан Мұқатанов, ардагер спортшы:

— Жарысты кеңейту керек, жастарды тарту керек. Жылына бір рет емес, екі рет, үш рет өткізсе. Жастар жағы аз, орта жастағылар, одан кейін біздің жасымыздағылар.

 Биылғы жарыс ерекшелігі – қатысушылар “Нұрсұлтан” шыңына әр түрлі жолмен көтерілді, әр бағыттың қиындық деңгейі бөлек.

“Нұрсұлтан” шыңы 4376 метр биіктікте орналасқан. Оған көтерілу үшін кәсіпқой альпинистер таңғы сағат 5-те жолға аттанған болатын. Ал  бірнеше жылдан бері осы шыңды бағындырып келе жатқан ардагер спортшылар ұйымдастырушлыр «нақты уақытты дұрыс айтпады» деп ренжулі.

 Соның бірі — кезінде “Комсомол” атанған шыңға көтерілген Мэлс Нақанов.

Мэлс Нақанов, ардагер спортшы:

—  Жалпы, жарыс туралы ақпарат дұрыс берілмеді. Мен “Нұрсұлтан” шыңына көтерілгім келді, алайда олар ерте кетіп қалған. Бізге айтылған уақытта тек Шымбұлақтың аса биік емес тауына ғана көтерілу үшін сөреге тұрдық.

 Жарыс нәтижесінде 55 минутта келген Рафаэль Файзуллин рекордшы атанса, өз категорияларында Андрей Пучинин, Александр Рыбин, Бегаудин Бешев, Елена Кун жеңімпазатанды.  


Норвегиялық Тор Хушовд “Тур де Франстың” 2-кезеңі нәтижесінде жалпы есепте көш бастады. “Астана” сапынан үздік нәтиже Александр Винокуровтың еншісінде.

Лидерден 32 секундқа кеш қалған ол 27-сатыға орналасты. Одан кейін бірден Дмитрий Фофонов. Алжалпы есептегі үздік үштікте Дэвид Миллар мен Кадель Эванс бар. Сонымен қатар, командалық есепте “Гармин-Сервело” жеңісті тойлады. “Джиро де Италияда” жеңімпаз атанған “Астана” әзірше 9-орында. Алайда  жерлестеріміздің айтуынша, бұл тек бастамасы ғана, алдағы уақытта команда үздік  бестікке кіруді көздейді.

Серб Новак Джокович әлемдік рейтингте нық көш бастады. Жыл бойы испандық Рафаэль Надальмен маңызды матчтарда жолы түйісіп жүрген ол жеңісті сериясын жалғастырды.

“Уимблдонның” финалында Джокович 6:4, 6:1, 1:6, 6:3 есебімен Надальді тізе бүктірді. Былтыр көгалдағы жарыста испандық шебер жеңіске жеткенін айта кеткен жөн. Енді әлмнің  бірінші ракеткасы атанған сербтен кейін тұрған Надаль  дегенмен де швейцариялық Роджер Федерерден әлдеқайда алда. Ал  Джокович-Надаль текетіресі маусымның ең қызықтысы болып қала береді. Оның жалғасы “ЮС Оупенде” орын алмақ.  

Соңғы жаңалықтар