Нұр-Сұлтанда әйел мен баланың үстіне баннер құлады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтанда әйел мен баланың үстіне баннер құлады

Нұр-Сұлтанда әйел мен баланың үстіне баннер құлады

Нұр-Сұлтанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына жасалған металл баннер әйел мен қыздың үстіне құлады.

  • 27 Мамыр 2022
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми мәліметке сәйкес, оқиға 26 мамыр күні "Қазақ елі" монументі мен Пирамиданың арасында болған. Кешкі уақытта шаң аралас дауыл көтеріліп, металл конструкциясын ұшырып әкеткен. Баннер екі адамды басып қалды.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, жедел жәрдем оқиға орнына үш минуттың ішінде барған.

"Бір әйел және кәмелет жасқа толмаған қыз зардап шекті. Оларды сан алуан дене жарақатымен қалалық стационарларға жеткізген. Екеуі де толығымен тексерістен өтті. Қабылдау бөлімінде барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді", — дейді басқарма мамандары.

Жарақат алған әйелді ауруханаға жатқызды. Қазіргі кезде ол қажетті ем-дом алып жатыр, жағдайы тұрақты. Ал жасөспірім үйге жіберілді.


 

Соңғы жаңалықтар