Нұр-Сұлтанда анасы мен баласын көлік қағып, қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 496.41
  • 542.77
0 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтанда анасы мен баласын көлік қағып, қаза тапты

Нұр-Сұлтанда анасы мен баласын көлік қағып, қаза тапты

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, елордада «Тойота» көлігін мінген жүргізуші анасы мен баласын соққан.

  • 9 Қыркүйек 2019
  • 11
Фото - Caravan.kz

8 қыркүйекте Абай даңғылының бойында жол апаты болған. Бейсекбаев көшесінен Брусиловский көшесіне қарай Абай даңғылының бойымен бара жатқан «Тойота» көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, қасында 3-4 жасар баласымен жаяу бара жатқан әйелді қағып, жер үйдің қақпасына соғады.

Салдарынан бала оқиға орнында қайтыс болады, ал әйел ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіледі, бірақ ес жимастан жан тапсырған.