Жарияланды: 50

Нұр-Сұлтанда Disneyland салынатын болды

Нұр-Сұлтанда Disneyland салынатын болды Сурет - ҚазАқпарат

Нұр-Сұлтан қаласында Disneyland ойын-сауық паркін салу жоспарлануда.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Disneyland бойынша инвестор тарту үшін арнайы жер телімін қарастырып жатырмыз. Оны инфрақұрылыммен, сумен және электр қуатымен жабдықтау қажет. Жақын арада жер учаскесін және инвесторды анықтаймыз», - деді Е. Бекмырзаев елордада Бүкіләлемдік туристік ұйымның VIII жаһандық саммитінде.

Оның айтуынша, ойын-сауық нысаны парк ретінде салынады.

«Disneyland өз қаражатын ақтайтындай деңгейде салынуы тиіс. Жыл бойы жұмыс істеу үшін оны жабық парк ретінде ойланыстырған жөн. Бізде Қызылорда мен Шымкенттегідей ауа райы жоқ. Бірақ, инвестор келуі үшін жағдай жасау қажет», - деді басқарма басшысы.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін