Нұр-Сұлтанда есірткі сататын 4 жасырын интернет-дүкен жойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтанда есірткі сататын 4 жасырын интернет-дүкен жойылды

Нұр-Сұлтанда есірткі сататын 4 жасырын интернет-дүкен жойылды

Елордада есірткі сататын төрт жасырын интернет-дүкен жойылды.

  • 22 Қараша 2021
  • 41
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жақында елорда тұрғындары Жангелдин және Желтоқсан көшелерінің қиылысында полиция қызметкерлерінің 23 жастағы есірткі сатушыны ұстауына куә болды.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің жедел қызметкерлері Telegram мессенджерінде төрт жасырын интернет-дүкеннің әкімшісі болған және қала аумағында синтетикалық есірткіні өзі сатқан жергілікті тұрғынды ұстады.

Күдікті елорда аумағында синтетикалық есірткілерді жеткізумен және өткізумен айналысатын және “Рефлекс” арнайы операциясы аясында ұсталған адамдар тобының әлеуметтік желілердегі байланыстары мен аккаунттарын зерделеу кезінде полицияның назарына ілікті.

Ұсталған кезде одан 5 банк картасы, үш ұялы телефон тәркіленді. Тінту барысында аталған телефондарға клиенттерден есірткі сатуға тапсырыстар түсіп жатты.


 

Соңғы жаңалықтар