Нұр-Сұлтанда Good bar түнгі клубы өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтанда Good bar түнгі клубы өртенді

Нұр-Сұлтанда Good bar түнгі клубы өртенді

 

  • 10 Қараша 2019
  • 13
Фото - Caravan.kz


10 қарашаға қараған түні, жексенбіде Нұр-Сұлтанда Майлин көшесінің бойындағы Good bar түнгі клубында өрт шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап.

Өрт туралы хабар 101 пультіне 10 қарашада 00:20-да түскен. Бірінші өрт сөндірушілер 6 минут өткенде жеткен. Екінші қабатта электр сымдары өртенгені анықталды. "Өрт сөндірушілер дереу келушілерді эвакуациялауға және өртті сөндіруге кірісті. 0,5 шаршы метр жердегі өрт 00:34-те сөндірілді. Эвакуациялау кезінде өрт сөндірушілер сегіз адамды құтқарды. Олардың екеуне медициналық көмек қажет болды, алайда олар ауруханаға жатқызылған жоқ. Полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршауға алынды. Өрт сөндіруге елордалық ТЖД қызметінің жеке құрамының 17 адамы мен 5 арнайы техника жұмылдырылған.
 

Соңғы жаңалықтар