Жарияланды: 140

Нұр-Сұлтанда карантин тәртібін бұзған мекемелер анықталды

Нұр-Сұлтанда карантин тәртібін бұзған мекемелер анықталды Сурет - Елорда инфо

Елордада полиция қызметкерлері 92 кәсіпкерлік нысанның карантин тәртібін тексеріп, 10-ға жуық заң бұзушылықты анықтады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Хабар 24-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мәселен, Мәскеу көшесіндегі дәмханалардың бірі түн жарымда келушілерді қабылдап, санитарлық нормаларды сақтамай келген. Тіпті кейбір мекемелер осы күнге дейін «Ашық» жүйесіне көшпеген болып шықты. Түнгі сағат 02:48-де Шевченко көшесіндегі компьютерлік клубтың бірі тәулік бойы жасырын түрде жұмыс істеп келгені әшкере болды. Мониторингтік топ дәлел-дәйек материалдарды құзырлы органдарға тапсырды. Карантиндік талапқа шекеден қарағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін