Жарияланды: 50

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Өткен тәулікте елімізде 1 000 адамның коронавирустық инфекция жұқтырғаны анықталды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Коронавирус жұқтыру дерегінің ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Елордада алдыңғы күнмен салыстырғанда 130 жағдай артығымен анықталды", – делінген хабарламада.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 203,
  • Қарағанды ​​облысында - 142,
  • Алматы қаласында - 138,
  • Батыс Қазақстан облысында - 97,
  • Шығыс Қазақстан облысында - 65,
  • Ақмола облысында - 59,
  • Атырау облысында - 55,
  • Павлодар облысында - 48,
  • Алматы облысында - 40,
  • Қостанай облысында - 36,
  • Шымкент қаласында - 31,
  • Маңғыстау облысында - 20,
  • Жамбыл облысында - 17,
  • Ақтөбе облысында - 16,
  • Түркістан облысында - 16.
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 11,
  • Қызылорда облысында - 6.

Жалпы алғанда, 2020 жылдың наурызынан бері Қазақстанда коронавируспен ауырған адамдардың саны 396 832-ге жетті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін