Нұр-Сұлтанда коронавирустан екінші адам қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтанда коронавирустан екінші адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтанда коронавирустан екінші адам қайтыс болды

Бүгін Нұр-Сұлтанда коронавирустық инфекциядан екінші қайтыс болу оқиғасы тіркелді.

  • 31 Наурыз 2020
  • 122
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы Сәуле Кисикова хабарлады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Stan.kz-ға сілтеме жасап. .

Науқас 50 жаста еді, жедел жәрдем бригадасымен 21 наурызда ауруханаға түсті.

"Өкінішке орай, бүгін бір өлім оқиғасы тіркелді. Ол бір ай бойы ауырып, медициналық көмекке жүгінбеген. Жұмысы жиі іссапарларға байланысты болған. Отбасы мүшелері мен жұмысшылар арасындағы барлық 31 жақын адамдар ауруханаға жатқызылды", — деді Кисикова.

Сондай-ақ, оның айтуынша, үй карантиніне 55 ықтимал байланыста болғандар жіберілген. Кейіннен екі жақын отбасы мүшелерінен коронавирус инфекциясы тіркелді.


Бүгінгі таңда елімізде коронавируспен ауыратындардың 325 жағдайы расталды.

Соңғы жаңалықтар