Нұр-Сұлтанда көшедегі адамды ұрып талдырған чемпион боксшы туралы не білеміз - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+33 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтанда көшедегі адамды ұрып талдырған чемпион боксшы туралы не білеміз

Нұр-Сұлтанда көшедегі адамды ұрып талдырған чемпион боксшы туралы не білеміз

Елордада танымал спортшы көшеде кетіп бара жатқан адамды ұрып құлатқан болатын. Бұл жайлы еліміздің ақпарат құралдары жазды.

  • 4 Қараша 2019
  • 106
Фото - Caravan.kz

Жан сақтау бөліміне түскен жәбірленуші ес жия алмай жатқан көрінеді. Туыстары оны мүгедек болып қала ма деп қауптенеді. Ал оны осындай жағдайға жеткізген боксшы жайлы не білеміз.

Caravan.kz медиа-порталы жұдырығы жуан танымал боксшы жайлы анықтап көрді.

Мәліметтерге қарағанда спортшының есімі Азат Қамзин. Көптеген әлемдік додаларда топ жарған талантты боксшы әрі халықаралық деңгейдегі спорт шебері.

СҚО-на қарасты Қызылту ауданының тумасы. Жасы 26 да.

Бокстан әуелгіде 49 келі салмақта өнер көрсекен былғары қолғап шебері аса танымал.

Петропавлда өткен К.Сафин атындағы турнирде чиемпион атанса, 2009 жылы Орал қаласында жастар арасында чемпион атанды. Ресейдің Семфирополь қаласында ересктер арасындағы өткен сайыста жүлдегер болды. 2012 жылы Әлем кубогының чемпионы атанды."Астана арландары" тобында өнер көрсеткен.  


Қазір аталған оқиға бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 106 бабы, яғни денсаулыққа қасақана зиян келтіру бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, егер спортшының кінәсі дәлелденсе, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.