Нұр-Сұлтанда көшенің қақ ортасында атыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтанда көшенің қақ ортасында атыс болды

Нұр-Сұлтанда көшенің қақ ортасында атыс болды

Полиция елорда көшелерінің бірінде атыс шығарды деген екі күдіктіні ұстады.

  • 27 Тамыз 2019
  • 53
Фото - Caravan.kz

Елордадағы көшелердің бірінде 25 тамызда қарулы қақтығыс болды: қылмыскерлер қарсыласына оқ жаудырған.

Нұр-Сұлтанның полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бір топ адам көшеде жанжалдасып, біреуі мылтықпен қарсыластарына оқ ата бастаған. Салдарынан төрт адам жарақат алып, олардың бірі ауруханада көз жұмды.

Күдіктілер оқиға орнынан қашып кеткен.


Полицейлер тәулік ішінде екі күдіктіні ұстады, қылмысқа қатысы бар деген басқа тұлғалар да анықталған. Ұсталғандар уақытша ұстау абақтысында отыр. Олар қолданған қару тәркіленді.

Полицейлер анықтағандай, қақтығыс бір-біріне деген жеккөрушіліктен туындаған.

Соңғы жаңалықтар