Нұр-Сұлтанда LRT ісі бойынша тергеу аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтанда LRT ісі бойынша тергеу аяқталды

Нұр-Сұлтанда LRT ісі бойынша тергеу аяқталды

Қазір тергеу қорытындысымен танысу процесі жүріп жатыр, содан кейін іс сотқа жіберіледі, онда ашық сот отырысы болады.

  • 31 Қаңтар 2020
  • 25
Фото - Caravan.kz

Нұр-Сұлтанда LRT ісі бойынша қолға алынған тергеу аяқталды, деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі екінші департаментінің бастығы Сергей Перов алқалы жиында, деп хабарлайды zakon.kz.

— Қылмыстық істі тергеу аяқталды. Қылмыстық іс материалдарымен танысу басталды. Жасырынғандарды іздестіру шаралары жалғастырылып жүргізіліп жатыр. Белгіленген шығын көлемі 5,7 млрд теңгені құрайды, — деді Перов.

Ол тергеу аяқталғаннан кейін де келтірілген залалдың мөлшері өзгермегенін, Интерпол арқылы іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын баса айтты.

— Бұрын атап өткеніміздей, бұл іске қатысты 10-ға жуық адам заңға тартылып жатыр. Интерпол арқылы да, жасырынған мемлекеттермен де оларды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес олардың қай елде жасырғанын айта алмаймын. Әкімдіктің басқарма басшылары, "Астана LRT" АҚ және мердігерлік ұйымдардың басшылық қызметіндегі адамдар жауапқа тартылып жатыр. Қазір тергеу қорытындысымен танысу процесі жүріп жатыр, содан кейін іс сотқа жіберіледі, онда ашық сот отырысы болады, — деді департамент басшысы.

8 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте LRT ісін тергеуді күшейтуді, басқалармен қатар, елорда әкімдігінің бұрынғы басшыларын тексеруді тапсырды. LRT жобасының өзі, мемлекет басшысы атап өткендей, өте күмәнді және экономикалық тұрғыдан даулы болып табылады.


Соңғы жаңалықтар