Нұр-Сұлтанда мұз айдыны ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтанда мұз айдыны ашылады

Нұр-Сұлтанда мұз айдыны ашылады

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары енді мұз айдынында тегін сырғанай алады.

  • 28 Желтоқсан 2020
  • 30
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

29 желтоқсан күні сағат 17.00-ден бастап Нұр-Сұлтан қаласында ашық аспан астындағы жаңа мұз айдыны жұмысын бастайды. Мұз айдыны ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы музейінің саябақ аймағында орналасқан (Бөкейханкөшесі, 1б).

Мұз айдынының ауданы – 1 000 м2 және 150 адамға есептелген. Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін мұз айдыны қызметін пайдалану тегін және күн сайын.

Жұмыс уақыты: тәулік бойы.


Мұз айдынының жанында балаларға арналған «Бублик Кросс» тегін аттракционы орналасқан.

Мұз құюдың тұрақты процесі мұз айдынының тиісті сапасын қамтамасыз етеді.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты қонақтар Маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтауы керек.

 

Соңғы жаңалықтар