Нұр-Сұлтанда құрылысы 9 жылға созылған тұрғын үй пайдалануға берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтанда құрылысы 9 жылға созылған тұрғын үй пайдалануға берілді

Нұр-Сұлтанда құрылысы 9 жылға созылған тұрғын үй пайдалануға берілді

Елордада құрылысы ұзаққа созылған тағы бір нысан пайдалануға берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

  • 1 Желтоқсан 2020
  • 8
Фото - Caravan.kz

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Грант» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Бұл үй 2011 жылы салына бастаған. Бүгінде мұнда барлық инженерлік желі үйге тартылды, енді оларды қосу үшін тұрғындар келісімшартқа отыруы қажет.

«Құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешендеріне барған кезде үлескерлердің құрылыс бітетініне сейбейтінін байқадық. Алайда құрылыс жұмысы қайта жанданған кезде тұрғындардың үміті ояна бастады. Үлескерлер құрылыс жұмысын талқылауға етене араласты. Сондай құрылыстың біріне айналған «Грант» (Сарыарқа ауданы) тұрғын үй кешені былтыр жазда мен барған алғашқы үйдің бірі. Мәселе көп болды. Үйдің іргетасын қалап, қасбетімен айналысу қажет еді. Сонымен бірге терезе мен есік орнату, ішкі әрлеу жұмысына көшу керек болды. Үйдің құжатын дайындау, инженерлік желіге қосу мәселесі де тұрды. Бұл қолға алған көп шаруаның бір бөлігі ғана» — деп жазды қала әкімі Алтай Көлгінов.

Бұл үй 2011 жылы салына бастады, ал 2015 жылы үй проблемалық деп танылған. Мұнда енді 170 отбасы тұрады.


Соңғы жаңалықтар