Жарияланды: 310

Нұр-Сұлтанда Қытайдан келген 17 жастағы бойжеткенді коронавирус күдігімен ауруханаға жатқызды

Нұр-Сұлтанда Қытайдан келген 17 жастағы бойжеткенді коронавирус күдігімен ауруханаға жатқызды Сурет - Qostanai Media

Оның айтуынша, ауруханаға түскен қыз тек Бейжіңде болған, ол Қытайдың басқа провинцияларында болмаған.

Пекиннен Нұр-Сұлтанға ұшып келген ұшақта коронавирустың белгілері бар бойжеткен ұшып келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бүгін Пекиннен ұшып келген ұшақтан қазақстандық 2003 жылғы қыз қатты қызумен ауруханаға түсті. Әзірге нақты себебі анықталмады», - деп мәлімдеді денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова коронавирусқа арналған баспасөз конференциясында.

«Қызды толық тексеру үшін біз тұмауға ұқсас белгілер бойынша зерттеу жүргізіп жатырмыз. Қыз белсенді, температурадан басқа шағымы жоқ», - деді денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін