Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай жарияланды

Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай жарияланды

Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті астанада төтенше жағдай режимі енгізілгенін мәлімдеді. Ауа райы қолайсыздығына байланысты рейстер тоқтатылып, жолдар жабылған болатын

  • 27 Қаңтар 2020
  • 62
Фото - Caravan.kz

Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті астанада төтенше жағдай режимі енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Нұр-Сұлтан қаласы бойынша төтенше жағдай режимі жарияланды. Ол әділет басқармасында тіркеуден өтті", — деді министрдің орынбасары Юрий Ильин астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Бүгін алты аймақ бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның отырысы өтеді.

"Оған, алдымен, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар және басқа да жол жабылған аймақтар кіреді", — деді  Ильин.


Ильин төтенше жағдай режимін енгізудің бірнеше себебін атады. Олар:

  • халық тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерінің бұзылуы;
  • адамдардың жұмысқа және үйге уақытылы жете алмауы;
  • тамақ пен медициналық қызметтердің дер кезінде жеткізілмеуі.
Соңғы жаңалықтар