Нұр-Сұлтанда вирус жұқтырған екі адам ауыр хәлде жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтанда вирус жұқтырған екі адам ауыр хәлде жатыр

Нұр-Сұлтанда вирус жұқтырған екі адам ауыр хәлде жатыр

Нұр-Сұлтанда індетке шалдыққан екі адамның жағдайы тұрақты, бірақ ауыр.

  • 29 Наурыз 2020
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Стационарда жатқан екі пациенттің жағдайы тұрақты, бірақ ауыр. Өкпені желдету аппараты арқылы тыныс алып жатыр. Қалған науқастардың жағдайы қанағаттанарлық", — деді Қисықова онлайн брифингте.

Айта кетсек, бүгінде республика бойынша ең көп науқас Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында тіркеліп отыр.


Екі мегаполис те карантинге жабылған.

Соңғы деректер бойынша, Қазақстанда індет жұқтырғандар саны 251 адамға жетті. Оның ішінде 18 адам жазылып шықты, Ақмола облысында бір адам қайтыс болды.

 

Соңғы жаңалықтар