Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы шықты: Құрбан айтты үйде де тойлауға болмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы шықты: Құрбан айтты үйде де тойлауға болмайды

Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы шықты: Құрбан айтты үйде де тойлауға болмайды

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сарқат Бейсенова "Құрбан айт" мұсылман мерекесін тойлау күндеріндегі шектеу іс-шаралары туралы қаулыға қол қойды.

  • 15 Шiлде 2021
  • 229
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қаулы мәтінін келтіреміз:

"Мен, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С. Бейсенова, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107 баптарына сәйкес, халық арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі мен сақталып отырған жоғары деңгейін ескере отырып ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары келесі талаптарды сақтауды жалғастырсын:
1.1. "Құрбан айт" мерекесіне арналған бұқаралық іс-шараларды өткізуге және қатысуға, оның ішінде үйде де өткізуге тыйым салу.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасына (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан қаласының діни істері басқармасына, Нұр-Сұлтан қаласының діни бірлестіктерінің басшыларына, Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармаларының басшыларына:
2.1. мешіттер аумағында ашық ауада өткізілетін іс-шараларды қоса алғанда, бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде "Айт намазы" ұжымдық намазын өткізуге тыйым салу;

2.2. құрбандық шалу рәсімін онлайн режимінде (qurban2021.kz сайты арқылы) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуын болдырмай, міндетті түрде бетперде кию мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, арнайы бөлінген орындарда (сою пункттерінде) ұйымдастыру және өткізу.

Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасы:


3.1. қоғам мен мемлекеттің, адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіру, қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз етсін;

3.2. осы Қаулыны барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала тұрғындарының назарына жеткізсін.

Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті, Нұр-Сұлтан қаласының аудандық әкімдіктері осы Қаулының орындалуына күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін", — делінген қаулыда. 

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енетіні жазылған.

Айта кетейік, COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, кейінгі тәулікте Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырудың 1128 жағдайы тіркелген. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш. 

Соңғы жаңалықтар