Нұр-Сұлтанда жылдың үздік ұстазының есімі белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтанда жылдың үздік ұстазының есімі белгілі болды

Нұр-Сұлтанда жылдың үздік ұстазының есімі белгілі болды

Жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдері арасында «Үздік педагог - 2019» республикалық байқауы қалалық кезеңінің қорытындысы шығарылды, деп хабарланды елорда әкімдігінің ресми сайтында. 

  • 22 Мамыр 2019
  • 20
Фото - Caravan.kz

Байқау талантты педагогтарды анықтау мақсатында өткізіліп келеді. Іріктеу турларының қорытындысы бойынша, үздік нәтиже көрсеткен тоғыз қатысушы «Менің педагогикалық ұстанымым» кезеңі бойынша өзін-өзі таныстырды. 

Байқау қорытындысы бойынша, бас жүлдені дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің математика пәні мұғалімі Гул Муаммер алды. 

Бірінші орынды №76 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ернұр Омарханов, екінші орынды №70 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айгүл Бейсенбина иеленді. 

Үшінші орынды № 62 мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі Алма Тұрғамбекова және дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің физика пәні мұғалімі Данияр Измаилов еншіледі. 

Сонымен қатар, №4 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Айсұлу Сейдахметова «Педагог-зерттеуші», № 6 гимназияның ағылшын тілі мұғалімі Любовь Кан «Жаңашыл педагог», № 68 мектеп-гимназияның тарих мұғалімі Нағашыберген Карбоз «Эрудит-педагог», № 68 мектеп-гимназияның тарих мұғалімі Құралай Жауке «Педагог-әдіскер» номинацияларында жеңімпаз атанды. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері білім басқармасының дипломдары, білім беруді жаңғырту орталығының сертификаттары, сондай-ақ ақшалай сыйақымен марапатталды.


Соңғы жаңалықтар