Нұр-Сұлтандағы «Абу-Даби Плазадан» өрт шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтандағы «Абу-Даби Плазадан» өрт шықты

Нұр-Сұлтандағы «Абу-Даби Плазадан» өрт шықты

Нұр-Сұлтанда «Абу-Даби Плаза» ғимаратының бірінші қабатындағы желдеткіш камерадан өрт шықты.

  • 10 Наурыз 2022
  • 36
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Елордалық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәлімет бойынша, өрт сөндіру бөліміне 10 наурыз күні сағат 14:57-де Сығанақ көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері жіберіліп, олар «Абу-Даби Плаза» ғимаратының бірінші қабатындағы желдеткіш камераның өртеніп жатқанын анықтады.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілер барғанға дейін қызметкерлер мен келушілер өз бетімен эвакуацияланды. Өрт 15:24-те сөндірілді.Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі


Оқиға орнында Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің 16 техникасы мен мен жеке құрамның 61 адамы жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар