Нұр-Сұлтандық әйел қақаған аязда баласын далаға жалаңаш қалдырып, жазалаған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтандық әйел қақаған аязда баласын далаға жалаңаш қалдырып, жазалаған

Нұр-Сұлтандық әйел қақаған аязда баласын далаға жалаңаш қалдырып, жазалаған

Нұр-Сұлтан қаласында ата-ана баласын қақаған аязда қалдырған.

  • 24 Желтоқсан 2020
  • 51
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы журналист Ильмура Жұмат Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Жүрегіңді ауыртатын тағы бір жағдай. Бұны журналист әріптестерім жіберді. Туған анасы баласын қақаған аязда далада қалдырып, оны осылай жазалған. Қазір қаншалықты аяз екенін жақсы білесіздер. Бір адамдар балаға зар болып жүр. Менің білуімше, бұл Қосшы кентінде болған жағдай. Ертең мән-жайды анықтаймыз",- деп жазды ол.

Бұл жағдайға байланысты Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады. 


"Полиция қызметкерлері 35 жастағы әйелді анықтады. Ол осы әдісі арқылы балаларды жазалағысы келген. Қазір мән-жайды анықтап жатырмыз", — делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар