Нұр-Сұлтандық қарттарға бір реттік төлем төленеді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтандық қарттарға бір реттік төлем төленеді

Нұр-Сұлтандық қарттарға бір реттік төлем төленеді

1 қазан күні Қазақстанда Қарттар күні мерекесі өтеді. Аталмыш күнге орай жыл сайын жасы бойынша зейнетке шыққан елордалықтарға әкімдік бір реттік ақшалай төлем береді.

  • 17 Қыркүйек 2019
  • 27
Фото - Caravan.kz

Биылғы жылы бұл сомма 6313 теңгені құрап отыр, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

«Нұр-сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 25 қыркүйектен бастап 1 қазанға дейін 2,5 айлық есептік көрсеткіш – 6313 теңге көлемінде төлем төлейді. Аталған төлем жасына байланысты зейнеткерлерге (зейнетақы жасы әйелдер үшін – 58 жас, ерлер үшін – 63 жыл) есептелген. Бұған дейін бұл көмек ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушыларға 30 тамыз ҚР Конституциясы күніне орай көрсетілген болатын», — делінген ақпаратта.

Басқарма қызмет ету туралы келісімшартқа тұрған келесі банктерде шоттары бар зейнеткерлерге ғана аталмыш төлемді кедергісіз жібере алады. Олардың қатарында: Альфа Банк, АТФ Банк, Центркредит банкі, Еуразиялық банк, Jýsan Bank (Цеснабанк), Halyk Bank, Нұрбанк, Сбербанк, ForteBank  және Қазпошта бар.

Басқа банкте шоттарыңыз болса, аталған банктердің бірінен шот ашу керек, одан кейін басқарма 20 таңбалы шот ашу туралы анықтаманы Достық көшесі, 13, «Нұрсая-2» ТК мекенжайы бойынша әкелуді сұрайды.


Анықтама телефондары:

Алматы ауданының әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлімі 55-68-22;

Есіл ауданының әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлімі 55-68-34;

Сарыарқа, Байқоңыр ауданының әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлімі 55-68-45.

Соңғы жаңалықтар