Жарияланды: 500

Нұртай Әбіқаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Астана. 15 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен Нұртай Әбіқаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлығымен Нұртай Әбіқаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды. Сондай-ақ, мемлекет басшысының өкімімен Анатолий Владимирович Смирнов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін