Нұртөре Жүсіп жаңа қызметке тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұртөре Жүсіп жаңа қызметке тағайындалды

Нұртөре Жүсіп жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстанда шетелдегі қазақтілді бұқаралық ақпарат құралдарының басын біріктірген жаңа ассоциация құрылды. Аталған ұйымның төрағасы болып ҚР Парламенті Сенатының депутаты, қоғам қайраткері Нұртөре Жүсіп тағайындалды.

  • 27 Қазан 2021
  • 31
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

«Сырттағы қандастарымыздың ауызбіршілігінің берік болуына «Отандастар» қорының қосып жатқан үлесі зор. Бүгінгі қауымдастықтың құрылуы – соның дәлелі. Бұл бастаманы ертерек қолға алу керек еді, дегенмен игі істің ерте-кеші жоқ. Жаңа шетелдегі бауырларымызды тыңдап, ар жақта болса да отанға деген іңкәрлігін сезіп отырмыз. Алдағы уақытта жаңадан құрылып отырған шетелдегі қазақтілді БАҚ қауымдастығының жұмысының ілгерілеуіне бәріміз бірауыздан атсалыссақ деймін. Мысалы, көрші Ресейде қазақша БАҚ-тар өте белсенді жұмыс істейді. Олар жыл сайын Сочи мен басқа да қалаларда бас қосып, өзара тәжірибе алмасып жатады. Түрлі форум, жиындар өткізіп тұрады. Ол жерде қандастарымыз өз мәселелерін ортаға салып, соның шешімін іздейді. Осы бағыттағы жұмысты басқа елдерде де дамыту қажет. Алда бізді біраз шаруа күтіп тұр, бастамамыз сәтімен болсын», — деді Нұртөре Жүсіп.

Соңғы жаңалықтар